"Автокөлік ұтысы": Астанада алаяқтықпен айналысқан Call-орталықты ұйымдастырушылар ұсталды

Call-орталық, Астана, алаяқтық, қара зере майы, автокөлік , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 18:58 Сурет: freepik
Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары "қара зере майы" биологиялық белсенді қоспаларын сату және "автокөлік ұтысы" туралы жалған ақпарат таратып, азаматтарға жаппай қоңырау шалумен айналысқан заңсыз Call-орталықтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар Instagram және TikTok платформаларының пайдаланушыларының клиенттік базасын қолданып, қоңыраулар шалған.

"Операторлар азаматтарды автокөлік ұтып алғандары жөнінде жалған ақпаратпен алдап, олардан тіркеу мен кедендік төлемдерді төлеу сылтауымен 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша талап еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлығы 14 адамның қылмысқа қатысы бары анықталды, олар-директор, заңгер, сату бөлімінің басшысы мен операторлар. Тінту барысында 32 ноутбук пен 10 ұялы телефон тәркіленді", делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық схеманың екі ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жалпы келтірілген залал көлемі 3,5 миллион теңгені құрады.


"Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді ұтыстарға сенбеуге шақырады. Бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену алаяқтық ретінде танылады және бұл әрекет үшін он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске саламыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Шерзат ісіндегі мемлекеттік айыптаушы видео үндеу жариялап, көпті арандатушылыққа бой алдырмауға шақырғанын жазғанбыз. Оның айтуынша, желіде өзінің атынан жалған парақшалар ашылуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: