ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзу көбейгеніне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 16:54 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Тиісті үндеу 2026 жылғы 29 сәуірде министрліктің баспасөз қызметі арқылы таратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова жол қозғалысына қатысушыларға республика бойынша жоспарлы түрде жергілікті профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын еске салды.

Бұндай шаралар бұған дейін де жүргізілді және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Оның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Бүгінгі таңда еліміздің бес өңірінде, яғни Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында "Құқық бұзушылыққа жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолда жүру қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталып, жолы кесілді.

Оның ішінде:

  •  масаң күйде және жүргізу құқығынсыз көлік басқарудың шамамен 500 дерегі;
  •  жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін, яғни қарсы бағытқа шығу,
  • бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту,
  • жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың шамамен 300 ге жуық өрескел құқық бұзушылықтың алдын алды;
  •  жүргізушінің қауіпті әрекеттерінің, оның ішінде көлік жүргізу кезінде телефон қолданудың 800-ден астам дерегінің жолы кесілді.

Жалпы алғанда, мамандандырылған айып тұрағына 2,8 мыңнан астам автокөлік қойылып, 450-ден астам мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды. Әрбір тоқтатылған құқық бұзушылық — алдын алынған апат, сақталған бір өмір мен аман қалған денсаулық.

Мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жалғасады. Барша жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заң мен тәртіп — әр азаматтың жеке жауапкершілігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: