Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар: тұрғындар эвакуацияланып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 22:17 Сурет: akorda.kz
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ойыл ауылында уақытша үйінді көпірде жол төсемесінің үйіндісін нығайту және ұлғайтуға байланысты ТЖД, ТЖМ 20982, 28237 әскери бөлімнің қызметкерлері, полиция және ЖАО қызметкерлері жүзу құралдары арқылы халықты тасымалдап жатыр. 

Уақытша үйінді көпірде жол төсемінің үйіндісін нығайту және ұзарту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Елді мекенге қауіп жоқ, өзендегі су деңгейінің төмендеуі байқалады. 

Облыс бойынша 4 880 текше метр қар шығарылып, 66 304 текше метр су сорылды, 12 830 дана инертті материалы бар қапшықтар дайындалды, 7 770 дана қапшықтар төселді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: