Ақтөбе облысында Ойыл өзеніндегі су деңгейі төмендеді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты жағдай тұрақты екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су сору және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ойыл ауданында Ойыл өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі байқалатыны да нақтыланады.
"Халықты, инертті материалды және азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі қойылған", делінген хабарламада.
Қалған эвакуацияланған 1 470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6 072 адам туыстарына орналастырылды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, бүгін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Ресей Федерациясы президентінің Орал федералды округіндегі тең төрағасы Владимир Якушевтің Қазақстанның Ресейдегі су тасқынына әсері туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript