Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысындағы су тасқыны: 12 адам эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйінде жүр

Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2023 14:37 Сурет: видео скрині
Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 70 500 текше метр еріген қар суы сорылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында тартылған күштер мен құралдармен 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 365 адам өз үйіне оралды. Бұған дейін қауіпсіз жерге айдалған ауыл ауыл шаруашылығы жануарлары өз қорасына оралды.

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

"Жедел желі" телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түскен.

"2023 жылғы 14-23 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 598 786 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшық төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 15 286 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды". Төтенше жағдайлар министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: