СҚО-да су тасқынына байланысты эвакуация орындары дайын

СҚО-да су тасқынына байланысты эвакуация орындары дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2025 14:30 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді түрде жалғасып жатыр. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің төрт ауылында жағдай әлі де күрделі болып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді. 

Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.

Сонымен қатар, Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай бақылауда.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: