Алдағы төрт апта Украинадағы қақтығыстың қалай ойысатынын анықтайды – Пентагон

Сурет: pexels
АҚШ Қарулы күштері Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, генерал Марк Мили алдағы бірнеше аптадағы оқиғалардың даму үрдісі Украинадағы қарулы қақтығыста шешуші рөл атқарады деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Екі, үш, төрт апта, жалпы істің қалай ойысатынын анықтайды", – деп ТАСС Миллидің Германиядағы Рамштайн әуе базасында өтіп жатқан Батыстың Киевке әскери көмек көрсету туралы кеңесіндегі сөзін алға келтіреді.

Оның пікірінше, "уақыт Украинаға бағынбайды". Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Батыстың Киевке әскери көмек көрсетуін жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Консультацияларға шамамен 40 елдің өкілдері қатысып жатыр. Олар Украинадағы жағдайды талқылап, жаңа қару-жарақтар жеткізу мәселесін қарастыруда.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда