Пентагон Ресей Украинада мыңға жуық танкісінен айырылғанын хабарлады

Сурет: pixabay
Сәуір айының соңында Пентагон Ресей Украинадағы әскери күшінің төрттен бірінен айырылуы мүмкін деп хабарлады. Ол кезде техниканың шығыны шамамен 500 танк, 300 брондалған көлік, 20 жойғыш және 30 тікұшақ деп есептелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей армиясы Украинада 1000-ға жуық танкісінен айырылды. Мұндай мәліметтерді Пентагон жариялады, деп жазды Deutsche Welle.

Вашингтонның мәліметінше, Ресей сонымен қатар 30-дан астам жойғыш ұшақ, 50 тікұшақ және 350 артиллериялық қаруынан айырылды. Осыған қарамастан, Пентагон өкілінің айтуынша, Ресейде шабуыл жасауға «көп мүмкіндіктер» қалды.

Сондай-ақ соғыс басталғалы бері Ресей Украинаға 110 батальондық тактикалық топ жібергені, бұл елдің әскери күшінің 80 пайызы екені мәлім болды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды