Шекара аумағындағы қақтығыс салдарынан 36 қырғыз азаматы опат болды

Сурет: Facebook/Қырғыз Республикасы ТЖМ
Сондай-ақ Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 134 адамның жараланғанын хабарлады. Қырғызстан МҰҚК мәліметтері бойынша, 18 қыркүйекте таңертең шекарадағы жағдай шиеленісе түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 қырғыз азаматы қаза тапты, 134 адам жарақат алды, деп хабарлады қырғыздың Денсаулық сақтау министрлігі.

Тәжік тарапынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың жалпы саны туралы ресми мәлімет жоқ. Тәжікстан ҰҚК бір күн бұрын төрт адамның оқтан жараланғанын мәлімдеген болатын.

Тараптар қақтығыстың ушығуына бір-бірін кінәлайды.

16 қыркүйекте таңертең қырғыз бен тәжік шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Лейлек және Баткен аудандарындағы елдімекендерге оққа жаудырылды.

Бұған дейін Қырғыз Республикасының Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Қырғыздың шекаралас аудандарынан 137 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

17 қыркүйекте Қырғызстан Президенті халқына үндеу тастап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Қырғызстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді