Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыздың тәжік шекарасымен шектесетін Баткен облысында ТЖ режимі енгізілді

Төтенше режим енгізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 12:53 Сурет: pixabay
Қырғыз Республикасының Баткен облысындағы Ақсай, Ақ Татыр және Самарқанд ауылдық округтерінде Тәжікстанмен шекарадағы оқиғаға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

24kg хабарлағандай, екі елдің азаматтары кері шегініп, тарқаспай тұр. Баткен облысындағы үкіметтің өкілетті өкілі Өмірбек Суваналиев Тәжікстанның Соғды облысындағы әріптесі Раджобба Ахмадзодамен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Оқиға орнында үкімет төрағасының орынбасары Маруфхан Тулаев та бар. Шекарадағы жағдай бойынша штаб құрылды. Үш аймақта: Ақсай, Ақ Татыр және Самарқандта ТЖ режимі енгізілді. Жалпы алғанда, төрт адам зардап шекті, олардың біріне оқ тиген. Қақтығыс салдарынан зардап шеккен екі адам Самарқанд ауруханасына жатқызылды, тағы біреуіне амбулаториялық көмек көрсетілді. Оқ тиген азамат Лейлек аудандық ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлады қырғыз үкметінің өкілетті өкілі.

Қазіргі уақытта Төрт — Кочо елдімекеніндегі Ош — Баткен - Исфана тас жолы учаскесі жабық.

Қырғыз БАҚ-тарының хабарлауынша, кезекті оқиға 28 сәуірде тәжік тарапы Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы "Головной" су тарату пунктінің жанындағы электр бағанасына бейнебақылау камераларын орнатқаннан кейін басталған. Жергілікті тұрғындар жабдықты алып тастауды талап етті. Туындаған даудың соңы тараптардың бір-біріне тас лақтыруына ұласқан.

17 сәуірде тағы кішігірім қақтығыс орын алды. Ауыл тұрғындары тазарту жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдайды, бірақ Ходжай Ало ауылының тұрғындары су қоймасына келіп, жұмысты тоқтатуды талап етті, өйткені олардың пікірінше, олар бұл істі бірлесіп атқаруы керек. Баткеннің жергілікті билігі жұмысты тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Жаңа қақтығыс 14 қыркүйекте Баткен ауданының Бұлақ-Баши аумағында орын алды.

17 қыркүйек күні таңертең Тәжікстан минометтен Паскы-Арық ауылына оқ жаудырды.

Қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан зардап шеккендер саны 103 адамға жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: