Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыз халқына үндеу тастаған Садыр Жапаров: "Жердің бір метрін де бермейміз!"

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 16:14 Сурет: Facebook/japarov.sadyr
Қырғыз Республикасының Президенті Тәжікстанмен шекара маңында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Ол қырғыз-тәжік шекарасын демаркациялау мәселесі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садыр Жапаров Баткен облысында жалғасып келе жатқан шиеленіске қатысты өкініш білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Аталған жағдайға байланысты Жапаров қырғыз халқына үндеу тастады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыста отандастарымыз қаза тапты. Шекарада қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Олар Отанын қорғау деген қасиетті парызын орындау кезінде қаза тапты. Олар біздің жеріміздің бір метрін де жатқа берген жоқ. Жатқан жерлері жайлы болсын. Олардың отбасыларына толықтай көмек көрсетіледі деп уәде беремін. Сондай-ақ барша халқыма көңіл айтамын, өйткені қаза тапқандардың барлығы - біздің балалар, біздің бауырлар. Өкінішке қарай, қарулы қақтығыс кезінде құрбандар болады. Біздің шекарашыларымызға ерлігі үшін, жауға лайықты тойтарыс бергені үшін алғысымды білдіремін. Олар шабуылға қайсарлықпен төтеп берді. Мұндай азаматтарымыздың барында Қырғыз елінің тұтастығы сақталып қала береді деп сенемін. Садыр Жапаров

Садыр Жапаров тәжік тарапында да зардап шеккендер бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қырғыз елінің басшысы шекара маңындағы дау-дамайға байланысты әртүрлі уақытта шығын орын алып келгенін еске салды.

Бірақ ата-бабамыздан қалған жердің бір метрін де ешкімге беріп қоя алмаймыз. Ұлттық мүддені еш ойланбастан қорғаймыз. Өзбекстанмен шекараның белгіленгені белгілі. Енді оны құжаттау жағы ғана қалып тұр. Қырғыз-тәжік шекарасы мәселесі де күнтәртібінде тұр. Оның шешімі, тарих растағандай, үлкен сақтық пен шыдамдылықты қажет етеді. Осыған қарамастан, біз бұл мәселені тезірек шешуге тырысамыз. Садыр Жапаров

Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. 16 қыркүйекте таңертең қырғыз бен тәжік шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Лейлек және Баткен аудандарындағы елдімекендер атысқа ұшырады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі 103 адам зардап шеккенін, 24 адам қаза тапқанын хабарлады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан Баткен және Лейлек аудандарындағы жеті ауылдың, сондай-ақ Ош облысы, Чон-алай ауданы, Жекенді ауылының да тұрғындары үйлерін тастап кетті.

Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон атысты доғаруға келісті. Бірақ, қырғыздың шекара қызметінің соңғы мәліметтері бойынша, тәжік тарапы тағы да уағдаластықтарды бұзып, оқ атуға көшкен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: