Шетелдіктер Қазақстанда тұруға рұқсат алуы үшін төлқұжат ұсынуы керек

Сурет: Zakon.kz/Талгат Умаров
ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдік төлқұжат (паспорт) – Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат ретінде және олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат ретінде танылған.

Бұл ретте өтініш берілген күнгі құжаттың қолданылу мерзімі 180 күнтізбелік күннен асуға тиіс.

Сонымен қатар адамға тиісті мемлекеттің құзырлы органы берген соттылығы (сотысының жоқтығы) туралы құжатты (егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қытайдың этникалық қазақ азаматтарын қоспағанда) ұсыну қажет.

Бұл ретте құжат қағаз жеткізгіште ұсынылады, оған уәкілетті органның уәкілетті қызметкері қол қояды және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

Ішкі істер министрлігінде түсіндіргендей, цифрлық форматтағы мұндай анықтама шет мемлекеттердің ақпараттық қызметтерімен электронды өзара әрекеттесу болмағандықтан қабылданбайды.

Сонымен қатар электронды түрде электронды қолтаңбамен қол қойылған соттылығының жоқтығы туралы анықтама қолданушының жеке кабинетінен электронды түрде жіберілген жағдайда ғана қағаз түріндегі анықтамаға тең екені айтылады. Басып шығарылған электрондық анықтаманың заңды күші жоқ.

Қалған құжаттар жинағы сол күйінде қалады. Сонымен қатар мыналар керек:

Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға тиіс екені көрсетілген. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыс екенін нотариус куәландырады.

Шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы органдардан түсетін құжаттар мен актілер заңдастыру болған жағдайда қарауға қабылданады.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 10 қазанға дейін жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты