Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

India Today-дің мәліметінше, бұл үнді армиясының "қатаң жауабына" әкелді. Атыс 22 сәуірде Пахалгамдағы шабуылдан кейін елдер арасындағы шиеленістің күшеюі аясында болды.
Пәкістандық басылымдар әлі күнге дейін атыс жайлы ақпарат берген жоқ.
Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Асиф бұған дейін Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленіс күшейіп келе жатқанын мәлімдеп, жақын күндері соғыс басталып кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы бақылау сызығы бойындағы жағдай 2025 жылғы 22 сәуірде орын алған лаңкестік шабуылдан кейін ушығып кетті. Бұл оқиға Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы Пахалгам қаласы маңында болды. Қару ұстаған бірнеше адам Байсаран аңғарында атпен серуендеп жүрген туристерге оқ жаудырған. Бұл жер – танымал туристік орындардың бірі. Шабуыл салдарынан 25 үнді азаматы мен бір Непал азаматы қаза тапты.
Бұған дейін Түрікменстанда ақалтекенің атбегісінің ел президентінен тарту алғандығы жайлы жазған болатынбыз.