Үндістан мен Пәкістанда аптап ыстық
Rg.ru сайтының хабарлауынша, бұл елдерде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық құрғақшылықпен қатар жүреді. Сондықтан науқастар ағыны тіркеліп, ауруханалар толып жатыр.
Үндістанның метеорологиялық департаменті сәуірде Үндістанның солтүстік-батысында және орталық бөлігінде орташа максималды температура кейінгі 122 жылдағы ең жоғары температура болғанын хабарлады. Ол шамамен +37°C.
Үндістан мен Пәкістанда электр қуатына қатысты мәселелер тіркелді. Қалыпты емес температураның салдарынан көп үйде кондиционерлер мен желдету жүйелері тәулік бойы жұмыс істейді. Ал бұл желілердегі жүктемені күрт арттырды.
Үндістанның бірнеше штатының билігі жергілікті тұрғындарды үйде болуға шақырып, кейбір мектептер мен басқа да мекемелерді уақытша жапты. Ыстық егінді бұзады.
Пәкістанның оңтүстік-шығысындағы Синд провинциясында да максималды температура тіркелді. Өткен аптада термометрлер +47°C көрсетті. Бұл Солтүстік жарты шарда осындай күні барлық жылдағы ең жоғары температура болып отыр.