Түрікменстанда ақалтекенің атбегісі ел президентінен тарту алды

Түрікменстанда ақалтекенің атбегісі ел президентінен тарту алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 10:35 Сурет: turkmenistan.gov
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ақалтеке арғымағын өсіретін жергілікті атбегі Батыр Анналыевке Toyota автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркіменстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында Аркадак қаласында ақалтеке жылқыларының арасында "ең әдемісі" таңдалды.

Сурет: turkmenistan.gov

Байқауда 2025 жылдың ең әдемі ахалтеке тұқымы ретінде "Мелекуш" есімді қаракер түсті тұлпар көзге түсті. Қазылар алқасы жылқылардың сымбатын, дене бітімін, тұқым тазалығын және командаларды орындау қабілетін бағалады. Арғымақты баптап өсірген атбегі Батыр Анналыевке ел президенті Сердар Бердімұхамедовтің атынан Toyota автокөлігі табысталды.

Ақалтеке жылқысы – түрікмен халқының арғымақ түрі. Оны түркімендер мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай. Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде "Түрікмен жүйрік аттарының күні" атап өтіледі.

Бұған дейін Путиннің Ресейдегі мигранттарды заңдастыру мерзімін ұзартқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: