Путин мигранттарды заңдастыру мерзімін ұзартты
Фото: akorda.kz
Ресей президенті Владимир Путин шетел азаматтарының елде болу мәртебесін заңдастыру мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейінгі мерзім 30 сәуірге дейін белгіленген болатын. Енді Путиннің жаңа жарлығына сәйкес мерзім – 2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартылды.
Бұл шешім бірқатар елдердің, соның ішінде Қырғызстанның өтінішінен кейін қабылданды. Бұл ереже Ресейде заңсыз жүрген, 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап арнайы бақылау тізіміне енгізілген шетел азаматтарына қатысты.
Оларға келесі әрекеттерге тыйым салынады:
- некеге тұру немесе некені бұзу;
- көлік құралдарын тіркеу;
- бизнес ашу.
Қайталанған заң бұзушылықтар депортацияға әкелуі мүмкін.
Бұған дейін Украинаның бұрынғы президентіне жаңа үкім кесілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript