Жарықсыз қалған Еуропа: Испанияда бұл түні электр қуатының болмауынан бес адам көз жұмды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 12:24 Фото: akorda.kz
Испанияда 28 сәуірде болған ауқымды электр қуатының өшуі салдарынан кемінде бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 29 сәуірде El País газеті жазды.

Ақпаратқа сәйкес, Оренсе провинциясында (Галисия) бір отбасы мүшелерінің денелері табылды: ер адам, әйел және олардың ұлы. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар генератордан шыққан көміртегі тотығының улануынан көз жұмған.

Сонымен қатар, Валенсия провинциясындағы Альсира қаласында 46 жастағы әйел оттегі аппаратының өшуі салдарынан қайтыс болған. Ал, Мадридтің Карабанчель ауданында әйел адам шам жағып, оның арты өртке ұласуынан өлім құшы. 

Бұған дейін Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: