Алматыдағы электр қуатының жаппай өшуі: әкімдік түсініктеме берді

Линии электропередач, электричество, электроэнергия, электроэнергетика , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 10:40 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әкімдік Алатау ауданында болған электр қуатының жаппай өшуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы 13 қараша күні 110 кВ №124А және №101А электр беру желілерінде жарықтың апаттық өшу тіркелді. Соның салдарынан ПС-162А "Алғабас", ПС-169А "Ақбұлак" және ПС-123А "АЖЭО-2" сынды бірнеше ірі қосалқы станция уақытша электр қуатынсыз қалды.

Апат Алматы қаласы Алатау ауданының тұтынушыларына да әсер етті. Электрмен жабдықтау төмендегі шағынаудандарда уақытша тоқтатылды:

Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі, сондай-ақ Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңке би көшелерінің аралығындағы аумақ.

Оқиға орнына жедел түрде апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберілді. Мамандар апаттың себебін анықтауға кірісіп, электр қуатын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

"14 қараша, сағат 00:12-де, ПС-110/10 кВ №169А "Ақбұлақ" қосалқы станциясы 110 кВ №101А желісі арқылы қайта қосылды. Қазіргі уақытта мамандар Нұркент, Ақкент, Алғабас, Теректі және Көксай шағынаудандарындағы энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары электрмен жабдықтау толық орнына келгенше жүргізіледі. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгенше жалғасады.

Алатау ауданының тұрғындары 13 қарашаның кешінен бері электр қуатынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: