Маңғыстау облысындағы электр қуатының тапшылығына қатысты KEGOC түсініктеме берді

"KEGOC" АҚ, электр энергиясының тапшылығы, Маңғыстау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 12:23 Сурет: Zakon.kz
"KEGOC" АҚ Маңғыстау облысындағы электр қуатының тапшылығы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырда "МАЭК" ЖШС жылу электр станциясында энергия блоктары апатты жағдайда ажыратылды, бұл электр энергиясының тапшылығына алып келді.

"Сағат 13:24-те 128 МВт генерациясы бар № 3 энергоблок апатты жағдайда ажыратылды. Сағат 17:38-де 160 МВт генерациясы бар № 2 энергоблок апатты түрде ажыратылды", – делінген хабарламада.

Энергоблоктарды апаттық жөндеу кезінде "МАЭК" ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізіледі.

Компания өкілдері бұл ретте халықты энергиямен қамтамасыз етуге басымдық берілетінін хабарлады. "KEGOC" АҚ электр желілерінде апаттық ажыратулар жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: