Оңтүстік Корея президенті Сеулдегі жағдай үшін кешірім сұрады

Сурет: Instagram/vsya_korea
7 қарашада министрлермен кездесуде Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл қазанның 29-нан 30-на қараған түні Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде Сеулде болған жағдайға байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол өзін балаларынан айырылған ата-анамен салыстыруға батылы бармайтынын, бірақ президент ретінде қайғырып отырғанын атап өтті.

 Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юн Сок Ёл үкіметті апаттардың алдын алу бойынша қолданыстағы ережелерді жақсартатын және қауіпсіздікті арттыратын шаралар қабылдауға шақырды.

Айта кетейік, жиында билік адамдар көп жиналатын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Сеулдің ресми ақпарат құралдары кем дегенде 156 адамның қаза тапқанын хабарлады. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл 5 қарашаға дейін ұлттық аза тұту жариялады.

Сеулде 26 жастағы ақтөбелік Мәдина Шерниязова көз жұмды. Қаза тапқандар арасында Ресей, Қытай, Иран, Жапония, Өзбекстан, Норвегия және Вьетнам азаматтары бар барлығы 26 шетелдік бар.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы