Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 10:38 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Конституциялық сотқа "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 101-1-бабы 10-тармағының (өтініш берілген кездегі редакциясы, қазіргі редакцияда – 101-1-баптың 7-тармағы) Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған норма тұрғын үй төлемдерін баспана сатып алу үшін меншікке бір рет қана пайдалануды көздейді.

Өтінішке құқық қорғау органының қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін қайта тағайындаудан бас тарту себеп болған. Бұған дейін өтініш беруші ипотекалық несие мен тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, бір бөлмелі пәтер сатып алған. Несиені толық өтегеннен кейін тұрғын үй төлемдері тоқтатылған. Кейін екі бөлмелі пәтер сатып алу үшін жаңа ипотекалық несие рәсімдеген кезде оған тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар бұл бас тартуды заңды деп таныған.

Өтініш берушінің пікірінше, тұрғын үй төлемдерін қайта пайдалануға тыйым салу азаматтардың баспанамен қамтамасыз етілуіне қатысты конституциялық кепілдіктер мен заң және сот алдындағы теңдік қағидатын бұзады.

Конституциялық сот мемлекет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтынын атап өтті. Ал азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мемлекеттің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, заңмен айқындалады.

Соттың түсіндіруінше, тұрғын үй төлемдері қызметтік тұрғын үйдің орнына бюджет қаражаты есебінен беріледі және оны жеке меншікке баспана сатып алуға пайдалануға болады. Алайда заңда бұл құқықты бір рет қана жүзеге асыру қарастырылған.

Қазақстандық азамат тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, пәтер сатып алу арқылы осы мүмкіндікті пайдаланып қойған. Ипотекалық несиені толық өтегеннен кейін төлемдер тоқтатылған, уақытша тоқтатыла тұрған жоқ. Қолданыстағы заңнамада сол елді мекеннен баспана сатып алу үшін тұрғын үй төлемдерін қайта тағайындау көзделмеген.

Сонымен қатар өтініш берушінің отбасы құрамын ескере отырып, қызметтік тұрғын үй алу мүмкіндігі сақталады. Сондай-ақ қызмет бабымен басқа өңірге ауысқан жағдайда тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге арналған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар.

Конституциялық сот заңда тұрғын үй төлемдерін беру шарттары мен оны бір рет қана пайдалану тәртібінің белгіленуі өздігінен өтініш берушінің конституциялық құқықтарының бұзылғанын білдірмейтінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: