Жаңалықтар тізбегі
0

Конституциялық сот Салық кодексінен Ата заңды бұзатын норманы анықтады

Мүгедектігі бар адам, Конституциялық сот, Салық кодексі, Конституцияны бұзушы норма, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 11:10 Сурет: freepik
Конституциялық сот азаматтардың Салық кодексінің 616 – бабы 1-бөлігінің 13-тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініштерін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл нормаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі талапкер ретінде сотта мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Өтінішке түрткі не?

Азаматтық іс жүргізу барысында жауапкер болған өтініш субъектілерінің пікірінше, Салық кодексінің бұл нормасы сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау кезінде олардың сот төрелігіне қол жеткізуге конституциялық құқығына нұқсан келтіреді, атап айтқанда, сот шешіміне кассациялық сатыға шағымданған кезде мемлекеттік баж төлеуден заңмен босатылған осыған ұқсас жағдайдағы әлеуметтік осал адамдар санатындағы талапкерлермен тең емес іс жүргізу жағдайына қояды.

Сот шешімі

Конституциялық сот бұған дейін өзінің қорытынды шешімдерінде барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі мемлекеттің адам құқықтарын тең қорғауын және әрқайсысының заң алдындағы тең жауапкершілігін, міндеттерін орындауға қойылатын талаптардың бірыңғай болуын білдіретінін атап көрсеткен.

  • Заңдармен адамдардың құқықтарында объективті және ақылға қонымды негіздемесі жоқ айырмашылықтар белгіленбеуі тиіс.
  • Тең дәрежедегі құқық субъектілері тең құқықтық жағдайда болуы тиіс.
  • Осы конституциялық қағидатты іске асыру қорғау тәсілдерінде және материалдық және процестік нормалардың біртұтастығы негізінде бұзылған құқықтары мен бостандығын қалпына келтіруде тең болуды алдын ала айқындайды.

Конституциялық сот өтініші қаралып отырған адамдар үшін олардың әлеуметтік мәртебесін ескере отырып, кассациялық шағымдану сатысында бірыңғай заңнамалық тәсілді қолдану қажеттігін атап өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (Салық кодексі) 616-бабының екінші бөлігімен өзара байланысты болу үшін осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының ережесін "талапкерлер – " деген сөзді қолдану бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: