Елші Украинадағы жағдайға байланысты осы елде тұратын және жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары Польша астанасы Варшавада дауыс бере алатынын түсіндірді.
"Қазақстанның Польшадағы елшілігінде сайлау учаскесі құрылды. Украинада қазір сайлаушылар тізімінде Қазақстанның 11 азаматы бар".Жалғас Әділбаев
Оның айтуынша, жалпы шетелдегі барлық сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімінде 12 527 адам бар. Қазақстанның 50 елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
14 қарашада Қазақстанның Украинада сайлау учаскесін ашпайтыны белгілі болды.