Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 19:38 Фото: pexels
Астанада 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді. Ел тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатқанда, елорда перзентханаларында бірнеше отбасы дүниеге келген сәбиін қарсы алып, қуанышты сәтті бастан өткерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, бұл күні 25 сәби дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.

Әрбір отбасы үшін баланың дүниеге келуі – ең маңызды әрі көптен күткен сәттердің бірі. Бұл күн 25 елордалық отбасы үшін ерекше күнге айналды.

Елордадағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Астанада ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Елордада жүктілік және босану кезеңіндегі әйелдерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: