Мадридте АҚШ елшілігі ғимаратынан тағы бір күдікті қорап табылды

Мадридтегі АҚШ елшілігінде тағы бір күдікті сәлемдеме анықталды. Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша, оның ішінде жарылғыш құрылғы болуы мүмкін. Елшілік аумағы қоршауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС LaSexta телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Испания телевидениесінің хабарлауынша, полиция бұл ақпаратты растады.

"Мадридтегі АҚШ елшілігінде жарылғыш құрылғысы бар сәлемдеме қорап анықталды, полиция аумақты қоршап, лаңкестікке қарсы хаттама толтырды", - делінген телеарнаның хабарламасында.

Қорап сапер роботтың көмегімен залалсыздандырылды, арнайы жерде жарылыс орын алды.

Телеарнаның хабарлауынша, Испанияда бұған дейін ішінде жарылғыш заты бар осындай бес қорап табылған.

30 қарашада Мадридтегі Украина елшілігінде жарылыс болды. Полицияға жарылғыш заты бар хат жарылып, бір адам зардап шеккені хабарланған.

24 қарашада Үкімет басшысы Педро Санческе де жарылғыш зат салынған конверт келген. Оны Президент Әкімшілігінің қауіпсіздік қызметі анықтап, бейтараптандырды.

Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: