АҚШ-тың бұрынғы бас инфекционисіне COVID-19 туралы жалған мақала жазды деген айып тағылды

Сурет: The White House
Республикашыл конгрессмендер АҚШ-тың бұрынғы бас инфекционисі Энтони Фаучиді коронавирустың Қытай зертханасынан таралғанына қарсы келетін мақала жазуға тапсырыс берді деп айыптап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Коронавирус пандемиясы жөніндегі арнайы шағын комитет мәлімдеме жасады. Онда жаңа айғақтар Энтони Фачи коронавирус зертханадан тарады деген теорияны жоққа шығаратын мақала әзірлеуге бастамашы болғанын көрсеткені айтылған. Ал мақала авторлары берілген тапсырманы орындау үшін қолда бар дәлелдерді бұрмалаған, деп жазды New York Post.

Доктор Фаучи мақалаға сілтеме жасағанымен, 2020 жылғы сәуір айында Ақ үйде өткен брифингте коронавирустың адамға табиғи мутация салдарынан жануардан берілетінін ақтап, мақаланы жазуға өзінің де қатысы бар екенін жасырып қалған.

"SARS-CoV-2-нің проксималды шығу тегі" деп аталатын мақала Nature Medicine журналында жарияланбастан бұрын 2020 жылғы 17 ақпанда редакциялау және түпкілікті бекіту үшін Фачкиге жіберілген.

Жарияланған электрондық хаттарда осы мақаланың тең авторы Кристиан Андерсе Фачки коронавирустың зертханадан тарау теориясын жоққа шығару үшін материал жазуға шақырғанын мойындады.

Қазір комитет Фаучи COVID-19 қайдан шыққанын жасыруға неліктен соншалық күш салғанын анықтап жатыр.

АҚШ
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді