Қазақстан оқушылары есту қабілеті нашар адамдарға көмектесетін қолданба әзірледі
Өйткені түрлі ел тұрғындары әртүрлі ым тілінде сөйлейді. Барлығы 300-ден астам мұндай тіл бар. Бұл интернет пайдаланушылары үшін проблемаға айналуы мүмкін, себебі бір-бірін түсінбейді.
Ақтөбелік оқушылар тығырықтан шығудың жолын тапты. Олар әр елдердегі есту қабілеті нашар адамдарды біріктіретін қосымша әзірледі, деп хабарлайды 24kz. Қолданбада мәтіндік хабарларға арналған чат және бейне қоңырау мүмкіндігі бар.
Бейнеқоңырау кезінде жасанды интеллект автоматты түрде бір қолданушының ым-ишара тілін танып, оны екінші қолданушының тіліне аударады. Аударма анимация көмегімен экранда көрсетіледі. Сонымен қатар, "субтитрлер" функциясы бар.
Алматылық мектеп оқушылары диагноз қойып, ем тағайындай алатын қосымша ойлап тапты. Өздерінің айтуынша, бұл қызмет медицина студенттеріне көмектесу үшін жасалған.