Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

Сурдлимпиадаға қатысушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 14:44 Сурет: Алматы әкімдігі
Есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті. Қазақстан құрамасының құрамына «Алматы» спорт клубының 12 спортшысы кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылар спорттың төрт түрі: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Қазақстан тарихында алғаш рет екі алтынды жекпе-жеке грек-рим және еркін стильде палуан Қайратхан Шонку қанжығасына байлады.

Екінші финалист Асылжан Тәжібаев болды. Ол финалда күміс алды. Жалпы медальдік есепте Қазақстан 13-орынды иеленді.

Айта кетейік, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен 4500-ден астам спортшы қатысты. Биыл есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: