Сайлауда 8800 Қазақстан азаматы шетелде жүріп дауыс берген

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі сайлау учаскелерінің жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 наурызда Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған. 

"Қазір шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 Қазақстан азаматы қатысты. Бұл дауыс берушілердің 72,54%-ын құрады", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. 6 521 860 қазақстандық дауыс берді. ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де сайлаушылардың 54,19%-дауыс берді.

Exit-pol сауалнамаларының алдын ала мәліметтері бойынша мәжіліске алты партия кірді: Amanat партиясы (53,33%), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (11,26%), Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы (8,87%), Қазақстан халық партиясы (6,93%), Respublica партиясы (8,33%), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,12%).



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін