Ол Fly Arystan-дағы баға белгілеу серпінді екенін және мұндай тәжірибені барлық әлемдік тасымалдаушы қолданатынын айтты.
"Бағаны, тарифтерді, біз айтатын 13 қосалқы классты нарық белгілейді. Бұл нені білдіреді? Біреу билетті ертерек брондаса, сатып алса, біз соғұрлым төмен тариф ұсына аламыз. Сонымен қатар сатып алған күнге де байланысты. Жоспарлау уақытына да байланысты. Егер билет жұма түні сұраныстың жоғары сәтінде алынса, әрине, тариф жоғарырақ болады. Бірақ бұл шығынға байланысты баға моделі емес. Бұл тек нарыққа, сұранысқа байланысты динамика. Бұл стандартты халықаралық тариф саясаты, бүкіл әлемде қолданылады және тек нарыққа тәуелді".Питер Фостер
Оның айтуынша, Fly Arystan сұраныс аз кезде шығынға батады. Өйткені билет бағасы төмендейді. Ал компания қызметкерлерінің жалақысы бұрынғысынша қалады.
"Бірақ сұраныс жоғары болған кезде, тарифтер де жоғары болып, тасымалдаушының пайда табуына мүмкіндік болады".Питер Фостер
Компания президенті тарифке негізделген саясат мәселесі жұртшылықтың көп назарын аударып, көп сұрақ туғызатынына келісті. Бірақ оның айтуынша, авиакомпания өзі жұмыс істейтін жағдайда қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
"Біз күшті инфляциялық қысыммен жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен жол жүру ақысын барынша төмен ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Ішкі тарифтерде ешқандай қозғалыс немесе өзгеріс жасаған жоқпыз. Fly Arystan ішкі тарифтердің 54%-ын 14 000 теңгеден төмен сатады. Air Astana 47%-ын 20 000 теңгеден төмен сатады. Негізі Fly Arystan-ның былтыр сатқан орташа тарифтеріне қарасаңыз, барлығы 49 доллар. Fly Arystan ашылғанға дейін 2019 жылдың контексінде, Air Astana-ның ішкі рейстерге орташа тарифі 81 доллар болды".Питер Фостер
Оның айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығы 2020 жылы айтарлықтай құлдырау болғанына қарамастан, өте жоғары қарқынмен дамып келеді. IATA статистикасына сәйкес, біздің ел қазір әлемде ең жылдам дамып жатқан ішкі тасымалдау нарығына ие.