Нью-Йорктегі танымал қазақ полицей Шымкентке келді

Сурет: Instagram/dimash.niyazov
Қазақстанның азаматы, Америкада полицей болып жұмыс істеген Димаш Ниязов туған жері Шымкентте түскен отбасылық фотосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 тамыз күні Instagram-дағы парақшасына жариялаған кадрларда Димаш әйелі Дженн, ұлы және туыстарының ортасында серуендеп жүр.

"Шымкенттегі алғашқы түн. Дженн менің туыстарыммен кездесті, бірақ олардың бәрін әрі көрген жоқ. Түнгі серуенде жақсы кофе ішіп, дәмді құймақ жеп, ауа-райынан ләззат алдық", - деп жазды Димаш фотоның сипаттамасына.


Димаш Ниязов Түркістан облысында дүниеге келген. Жасөспірім кезінде ол отбасымен Америка құрама штаттарына көшкен. 2017 жылы ол үздік полиция қызметкері болып танылды.

2017 жылы режиссер Қанат Бейсекеев Димаш туралы қысқаметрлі фильм түсірген. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі