РФ тергеу комитеті Евгений Пригожиннің өлімін растады

Сурет: Telegram/voenkor_rusvesnaa
Ресей Федерациясының тергеу комитеті Евгений Пригожиннің Тверь облысындағы ұшақ апатынан қайтыс болғанын растады, опат болған барлық жолаушының жеке басы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РФ тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренко Тверь облысында ұшақтың апатқа ұшырау фактісін тергеу аясында молекулалық-генетикалық сараптамалар жүргізіліп, оның нәтижесі жарияланғанын айтты.

"Олардың нәтижелері бойынша қаза тапқан барлық 10 адамның денесі ұшу парағында көрсетілген тізімдегілерге сәйкес келеді", – деді БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы.


Бұған дейін Пригожиннің өлімін Запорожьедегі қоғамдық қозғалысының басшысы Владимир Рогов растаған болатын.

23 тамызда Тверь облысы маңында "Вагнер" жалдамалы әскери жасағаның басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырады. 26 тамызда барлық қаза тапқандардың денесі мен борт жәшігі оқиға орнынан табылды. 25 тамызда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыстың Пригожиннің өлімінің артында Кремль тұруы мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді