Таулы Қарабақтағы жағдай: Путин Әлиевпен сөйлесті

Сурет: Кремльдің баспасөз қызметі
Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Таулы Қарабақтағы жағдай жөнінде сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кремльдің хабарлауынша, Әзербайжан президенті ресейлік бітімгерлердің қазасына байланысты кешірім сұрап, көңіл айтты.

Әзербайжан басшысы "бұл жағдай барынша мұқият тексеріліп, барлық кінәлілер тиісті жазасын алатынын" айтты. Екі елдің бас прокуратуралары тығыз байланыста. Әлиев қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Путин мен Әлиев Қарабақтағы соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Ресей президенті "Қарабақтағы армян халқының құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін" баса айтты, Баку бұл мәселелер бойынша ресейлік бітімгершілік күштерімен өзара әрекеттесуге дайын екендігін жеткізді.

Бұған дейін Әзербайжан мен Армения делегациялары Әзербайжанның Евлах қаласында кездесті. Тараптар реинтеграция мәселелерін талқылады.

19 қыркүйекте Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта терроризмге қарсы шаралар басталғанын хабарлаған еді.
Армения
Әзірбайжан
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін