ДДСҰ ХАМАС-тан барлық тұтқынды босатуды талап етті

Сурет: unsplash
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері ХАМАС-ты барлық тұтқынды дереу босатуға, оларға Халықаралық Қызыл крест комитетіне кіруге мүмкіндік беруге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) барлық тұтқынды дереу босатуға, олардың әрқайсына жедел медицина көмегін қолжетімді етуге қайтадан шақырады", - делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Түрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 150-ге жуық израильдік ХАМАС-тың тұтқынында болуы мүмкін. Қозғалыстың өзі Газа секторында 200-250-дей тұтқын бар екенін мәлімдеді.

ХАМАС-тың жауабында шетелдік кепілге алынғандар Газада қонақ ретінде, ал израильдік тұтқындар палестиналық тұтқындармен айырбасталуы керек екені айтылған.

Таяу Шығыстағы қақтығыс 7 қазанда Газа секторы Израильге қарай мыңдаған зымыран атқаннан кейін өрши түсті. Израиль қорғаныс күштері (IDF) "Темір қылыштар" операциясын бастады. Газа секторындағы ұрыс нәтижесінде 5 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 15,2 мың адам жараланды, Израиль жағынан 1,4 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 5,4 мың адам жарақат алды.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео