Белсенділер Луврдың шыны пирамидасын айғыздап тастады

Сурет: wikipedia.org
Климат белсенділері Луврдың шыны пирамидасына қызғылт сары бояу төкті, деп хабарлайды Zakon.kz.

X әлеуметтік желісіндегі Disclose медиа аккаунтында жарияланған бейнежазбадан Derniere Renovation қозғалысының он шақты белсендісі шыны пирамидаға қарай жүгіріп, оған қызғылт сары бояу толы шар атқанын көруге болады. Белсенділердің бірі пирамиданың үстіне шығып, оған бөтелкедегі бояуды төге салды.

Белсенділер үкіметтің климатқа қатысты әрекетсіздігін айыптады.


Күзетшілер тәртіп бұзушыларды ұстап үлгерді. Тәртіп сақшылары оларды полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды