Газа секторындағы аурухана бауырластар зиратына айналуы мүмкін

Сурет: wikimedia
Газа секторындағы ең ірі ауруханалардың бірінде электр қуаты жиі өшіп қалып жатқандықтан, емдеу мекемесіндегі көптеген науқас қайтыс болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қарашада CNN арнасының мәлімдеуінше, Израиль әскерлері қоршап алған Газа секторындағы әл-Шифа ауруханасының дәрігерлері науқастар қырылып қалуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені электр қуаты жиі сөндіріліп жатыр. Әл-Шифа ауруханасы – Палестина анклавындағы ең үлкен ауруханалардың бірі.

"Электр қуатынсыз бұл аурухана бауырластар зиратына айналады. Егер біз ауыр жарақат алған науқастарды операция бөліміне жібере алмасақ, онда бұл жер адамдарға тек өлу үшін келуге жарамды болады", – деді ауруханада жұмыс істейтін Хасан Абу-Ситтах есімді дәрігер.

Қазір ауруханада дизель отынымен жұмыс істейтін бір ғана генератор бар, оның өзі жеткіліксіз. Электр қуаты бұған дейін де бірнеше рет өшіп қалып, кейбір науқастарға ота жасауға кедергі болды. Ал дәрігерлер аурухананы тастап шығуға немесе эвакуациялануға ниетті емес екенін айтты.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі