Өзбекстанда әйел адам 7 ай бойы 14 жасар қызды күштеп ұстап, еркектердің астына салған

Сурет: freepik
Өзбекстанда Қашқадария өңіріне қарасты Ходжабақ ауылында масқара оқиға орын алды. Мамыр айынан 15 қараша аралығындағы 7 ай бойында 14 жасар қызды әйел адам өз үйінде күштеп ұстап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратпен Өзбекстанның балалар омбудсмені Сурайе Рахмонова бөлісті.

Осы уақыт бойында әйел адам кәмелетке толмаған қызды әртүрлі еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, деп жазады Telegram-дағы "Новости Кашкадарьи" арнасы.

Бас прокуратура іске ден қойғаннан кейін Н.А-ға қатысты "Он сегіз жасқа толмаған адамға қатысты жасалған адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүзеге асырылып жатыр. 

Қараша айының басында Өзбекстанда экс-шенді балалар үйінің тәрбиеленушілерін зорлағаны үшін үш жылға сотталған болатын.  

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

Нетаньяху Нью-Йоркте ұсталуы мүмкін: қала мэрі мәлімдеме жасады

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Мбаппе әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мессидің рекордын жаңартты

Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады