Елдің алты қаласында ауа ластанады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 17 қазанда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр. Сондай-ақ түнде Қостанай, Қарағанды, Теміртау және Астанада осындай құбылыстар байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі.
Мұндай құбылыстар ауадағы зиянды қоспалардың таралуына кедергі келтіріп, атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript