Ресейде үстінен адамдар өтіп бара жатқан уақытша көпірді мұз ағыны ағызып әкетті

Ресейдің Кузбасс қаласында үстінен адамдар өтіп бара жатқан уақытша салынған көпірді мұз жаратын кеме іліп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан куәгерлер түсірген видеода Майзас ауылының тұрғындары уақытша көпір үстімен өтіп бара жатқанда ол жұлынып, өзен ағысымен төмен қарай ағып кетеді.

Межреченский қалалық округінің өкілдері аталған оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

"Абайсыздық қайғылы жағдай орын ала жаздады. Майзас ауылында өзендегі мұзды жару кезінде Томь (кеме) уақытша көпірді іліп кеткен. Тыйым салынған белгілерге қарамастан, бұл кезде көпір үстінде адамдар болған. Ешкім зардап шеккен жоқ".

Сондай-ақ, адамдар жағаға жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілгені де нақтыланады.


10 сәуірге қараған түні Орынбор қаласының маңындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі жарты метрге көтерілгені белгілі болды. Орынбор әкімшілігі қаланың су басқан аумақтарының көлемі артып келе жатқанын хабарлады.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: