АҚШ спортшылары 2024 жылғы Олимпиаданың медальдық есебінде бірінші орынға шықты

Сурет: Instagram/paris2024
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жарыстың соңғы аптасы басталды. Осыған дейінгі қорытынды бойынша АҚШ 71 медальмен көш басында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

МОК сайтының ақпаратынша, бүгінде АҚШ қоржынында 19 алтын, 26 күміс және 26 қол медаль бар.

Сондай-ақ, 19 алтынмен Қытай екінші орынға тұрақтады. Тек оларда күміс (15) пен қола (11) саны АҚШ-пен салыстырғанда азырақ.

Үздік үштікті 44 медальмен (12,14,18) Франция аяқтап тұр. Ал, Қазақстанға келсек, еліміз 29 орыннан көрінуде. Бүгінде ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.

2024 жылғы 5 тамыз күні Алматы әуежайында Елдос Сметов пен Қазақстан олимпиадалық құрамасының басқа да спортшыларын жүздеген жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін