АҚШ пен Мексика шекарасындағы мигранттар аптап ыстықтан жаппай қырылуда

Сурет: pixabay
2024 жылдың басынан бері АҚШ-Мексика шекарасында 108-ден астам адам қайтыс болды. Өлімнің барлығы дерлік аптап ыстыққа байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының ақпаратынша, соңғы екі жылда АҚШ-Мексика шекарасына жақын Нью-Мексикода бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда он есе көп мигрант көз жұмған.

2024 жылдың алғашқы сегіз айында Эль Пасо маңынан 108 адамның денесі табылды. Ал, 2023 жылы Мексика шекарасына жақын жерде 113 мигранттың мәйіті табылды. Бұл көрсеткіш 2020 жылы небәрі тоғыз болса, 2019 жылы олар 10-нан аса болған.

Әлі күнге неліктен дәл осы аймақта көптеген адамның бақилық болатындығы белгісіз. Мұның себебін, сарапшылар контрабандистер мигранттарды аптап ыстықтағы қауіпке қарамастан осы бағыт бойынша тасымалдауының салдары деп түсінідіреді.

Бұған дейін британдық мұзбалақтың әлемдегі 14 құзар шыңды бағындырған "ең жас әйел" атанғаны хабарланды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды