Әйелдерінің төбелесін ажыратпақ болып есінен танған: Мысыр құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

Әйелдерінің төбелесін ажыратпақ болып есінен танған: Мысыр құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 12:34 Сурет: fifa
Мысыр футбол қауымдастығы жеке өміріне қатысты бірнеше жанжалдан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Хоссам Хассанды қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera басылымының жазуынша, бапкердің отставкаға кеткені 2026 жылғы 8 қарашада жарияланды. Онымен бірге жаттықтырушылар штабы да құрамадан кетті. Футбол қауымдастығы таратқан мәлімдемеде команданың тұрақтылығын сақтау басты басымдық екені айтылған.

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болып бұған дейін Мысырдың "Серамика Клеопатра" клубын жаттықтырған Әли Махер тағайындалды.

Хассанның қызметінен кетуіне оның жеке өміріне қатысты бірнеше жанжал себеп болған. 2026 жылдың жазында оның бірінші және екінші әйелі Мысырдағы демалыс орындарының бірінде төбелесіп қалған. Оларды ажыратуға тырысқан Хоссам Хассанның өзі есінен танып қалған. Осы оқиғадан кейін ол бірінші әйелімен ажырасқан. Ерлі-зайыптының некеде тұрғанына 30 жылдан асқан.

"Кейін екінші әйелімен де құқықтық дау туындады. Хассанның адвокаттары бұрынғы әйелін ресми құжаттарды қолдан жасады және екі некеде қатар болды деп айыптап, шағым түсірген. Алайда әйелдің өкілдері бұл айыптауларды жоққа шығарды", – делінген басылым материалында.

Бапкер қызметінен босатылардан үш күн бұрын Мысырдың Жоғары медиа реттеу кеңесі оған бұқаралық ақпарат құралдарында көрінуге тыйым салған.

Сонымен қатар Хассанның жаттықтырушы ретіндегі жұмысына қатысты да сын айтылған. Қыркүйек айында Африка ұлттары кубогының іріктеу кезеңінде Анголамен өз алаңында тең түскеннен кейін ол Мохамед Салахты кездесудің 60-минутында алаңнан ауыстырғаны үшін сынға ұшырады.

Хоссам Хассан Мысыр құрамасының тізгінін 2024 жылғы наурызда ұстаған. Оның жетекшілігімен команда 38 матч өткізіп, 21 рет жеңіске жеткен, 10 рет тең түсіп, жеті кездесуде жеңілген.

Соған қарамастан, маман Мысыр футболы тарихындағы үздік нәтижелердің біріне қол жеткізді. Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға дейін жетті. Бұдан бөлек, Африка ұлттары кубогының жартылай финалына шығып, қорытындысында төртінші орын алды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 8 қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алдағы матчтары қарсаңында ойыншылар құрамын өзгертті. "Астана" шабуылшысы Рамазан Кәрімовтің орнына семейлік "Елімай" клубының форварды Айбар Жақсылықов ұлттық командаға шақырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: