Ирландияда ер адам әлеуметтік желіде 70 жасөспірімге зорлық көрсеткені үшін өмір бойына түрмеге тоғытылды

Фото: freepik
Солтүстік Ирландияда ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, өйткені ол әлеуметтік желіні кәмелетке толмағандарды бопсалау және жыныстық зорлық-зомбылық жасау үшін пайдаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN ақпаратынша, 26 жастағы Александр Маккартни 2018 жылы Америка Құрама Штаттарында кэтфишингпен "алданғаннан" кейін өз-өзіне қол жұмсаған 12 жасар қызды еріксіз өлтіргені үшін, балаларға қарсы жыныстық қылмыс жасағаны және бопсалағаны үшін жазаланған болатын.

Кэтфишинг — бұл адам жалған ақпарат пен суреттерді пайдалана отырып, әлеуметтік желіде басқа адамды алдау немесе қорқыту мақсатында жалған тұлғаны құруы.

Биліктің хабарлауынша, Маккартни өзін жас қыз ретінде көрсетіп, құрбандармен әлеуметтік желілерде танысып, манипуляциялап, оларға жалаңаш суреттерін жіберуге мәжбүр еткен.

Содан кейін жәбірленушілерді қорқытып, интимді суреттер мен бейнежазбалар жібергізген, тіпті кейде қауіпті жыныстық әрекеттер жасауға мәжбүрлеген.

Маккартнидің құрбандары 10 жастан бастап Солтүстік Ирландия, Ирландия, Ұлыбритания, АҚШ және Жаңа Зеландиялық 3500-ге жуық қыз болды.

Маккартни 70 адамға қатысты 185 айып бойынша кінәсін мойындады.

Бұған дейін Түркияның оңтүстігінде баллдық жер сілкінісі орын алғаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі