Ұлыбританияда маймыл шешегі вирусының жаңа штаммы тіркелді

Ұлыбританияда маймыл шешегі вирусының жаңа штаммының алғашқы жағдайы тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі (UKHSA) ел үкіметінің сайтында мәлімдеді.

"Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі (UKHSA) маймыл шешегі вирусының жаңа Clade Ib… штамының алғашқы жағдайы тіркелгенін растады", – делінген хабарламада.

Тамыз айының соңында Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі билік елде маймыл шешегінің жаңа штаммының пайда болуы мен таралуына дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. 

Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық (адамға жануарлардан жұғатын) жұқпалы ауру. Сондай-ақ, бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамдарда 1970 жылы анықталды. Негізінен маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. 2022 жылғы мамырда маймыл шешегі эндемиялық емес бірнеше елдерде анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Көбінесе инфекция Еуропа мен Америкада анықталады, ерлер арасында жиі кездеседі. 

2024 жылдың 15 тамызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешек эпидетін халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялағаны белгілі болды.

18 тамызда маймыл шешегіне байланысты Қазақстан шекарасында бақылау шаралары күшейтілді.

Ұлыбритания
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: