Анталья әуежайында босанып, нәрестесін қалдырып кеткен "көкек анаға" қатысты Түркияда қылмыстық іс қозғалды

Фото: pexels
18 жастағы ресейлік Анталья әуежайының дәретханасында босанып, нәрестені тастап, ұшып кетпек болған. Қазір ол осы әрекеті үшін Түркияда сотталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жастағы Екатерина Бурнаскина өзінің жағдайы туралы бала туылғаннан кейін ғана білді, артық салмағы мен гормоналды мәселелеріне байланысты бұл жайында мүлдем күдіктенбеген.

Жас ананың Ресейге ұшар күні іші қатты ауырып, дәретханаға бірнеше рет барып, баланы сонда дүниеге әкелген.

Бурнаскинаның қорыққаны соншалық, баланы тастап, ұшуға тіркелу бөлімшесіне асыққан. Алайда, қашып құтыла алмаған. Дәретханадағы баланы тазалаушы әйел тауып алды, ал әуежай әкімшілігі полиция шақырды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері камералардың көмегімен, бұл кімнің әрекеті екенін дереу тапты. Күдіктімен қатар оның анасы да қамаққа алынды. Қазір оларға қатысты "баланы қауіп-қатерге қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал, нәресте Түркиядағы әлеуметтік қызметкерлердің қолына берілді. Сондай-ақ, Ресей елшілігі оған Ресей азаматтығын берді.

Бұған дейін Американдық әйелдің жаңа туған нәрестені 150 долларға сатпақ болғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді