P. Diddy кешінде 13 жасар қызға зәбір көрсетті деген айып рэпер Jay-Z-ға да тағылды

Сурет: wikimedia
Jay-Z сахналық атымен танымал рэпер Шон Кори Картер 2000 жылы Шон "Дидди" Комбспен (П. Дидди) бірге 13 жасар қызды зорлады деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық іс қозғаған жәбірленуші "Джейн Доу" деген лақап атпен аталып, жасырын қалуға шешім қабылдады. Ол зорлық MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінен кейінгі мерекелік кеш кезінде болғанын айтты, деп жазады NBC News.

Сотта "Джейн Доу" 2000 жылы 13 жасында Комбс пен Картер Нью-Йорктегі MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінен кейін оны үй кешінде зорлады деп мәлімдеді. Сол күні кешке ол шоуға қатысқысы келді, бірақ билет таба алмаған. Содан кейін ол MTV Video Music Awards-қа немесе одан кейінгі мерекелік кешке кіру үшін әртүрлі лимузин жүргізушілеріне жүгінді. Жүргізушілердің бірі оған Комбста жұмыс істейтінін айтып, шоудан кейінгі кешке шақырды. Кеште оған белгісіз сусын ұсынылды. Артынша өзін нашар сезініп, демалу үшін басқа бөлмеге кетті. Біраз уақыттан кейін оны Комбс пен Картер келіп зорлаған.

Айыптаушы анықталмаған зиянды өтеуді талап етеді.

Jay-Z бұл айыптауды "ақылға қонымсыз" деп атады.

"Бұл айыптаулар соншалықты жиіркенішті, сондықтан мен сізден азаматтық емес, қылмыстық шағым беруіңізді өтінемін! Кәмелетке толмаған адамға қарсы осындай қылмыс жасаған кез-келген адам қамауға алынуы керек, сіз келісесіз бе?"- деді ол.

Бұған дейін P. Diddy-дің түрмеде аштық жариялағаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандықтарды жасанды интеллектке мектеп қабырғасынан үйретпек

Еліміздің қай қаласындағы жастар жиі шаңырақ көтереді

Алматыда жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті