Түркиядағы сириялықтар үйлеріне қайта бастады

Фото: Министерство обороны РК
Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад билігі құлатылған соң Түркиядағы сириялық босқындар елдеріне жаппай қайта бастады.

Осыған байланысты екі ел арасындағы шекара бекеттерінде адамдар мен көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болды. Халықтың кедергісіз өтуі үшін Түркияның шығысында 10 жылдан аса жабық тұрған бірнеше бақылау бекеті қайта ашылды. Бұдан бөлек қосымша жылжымалы бекеттер де қойылды.

Түркия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша шекарадан өтуге ниет білдіргендер саны соңғы күндері 5 есеге дейін өскен. Ресми деректерге сай азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялық босқындар саны 3 миллион адамнан асады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Сириялық қонақтарымызды елдеріне құрметпен шығарып салу үшін біздің өңірде үш шекара бекеті жұмыс істеп тұр. Олардың біреуі 11 жыл бұрын жабылып қалған еді, бүгін жаңадан ашылды. Әр бекеттен күн сайын шамамен 15 мың адам өтіп жатыр. Олардың арғы бетке қиындықсыз өтуі үшін барлық жағдай жасалған." Мұстафа Масатлы, Хатай губернаторы
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі