Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай теннисшілер кім

Сурет: Instagram/cocogauff
Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақы алатын 20 спортшының қатарына 11 теннисші кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылымның дерегінше, рейтингті әлемнің үшінші ракеткасы — американдық Кори Гауф бастап тұр.

Сурет: Instagram/cocogauff

Оның табысы 34,4 миллион долларға бағаланады, оның 9,4 миллионы турнирлерден, ал тағы 25 миллионға ол 11 компаниямен серіктестіктің арқасында қол жеткізеді.

Жалпы, әлемдегі ең көп жалақы алатын теннисшілер келесідей орналасқан:

1. Кори Гауфф (АҚШ) — 34,4 миллион доллар;

2. Ига Швентек (Польша) — 23,8 миллион доллар;

4. Чжэн Цинвэн (Қытай) — 20,6 миллион доллар;

5. Арина Соболенко (Беларусь) — 18,7 миллион доллар;

6. Наоми Осака (Жапония) және Эмма Радукану (Ұлыбритания) 12,9 миллион долларға;

9. Винус Уильямс (АҚШ) — 12,1 миллион доллар;

11. Джессика Пегула (АҚШ) — 10,2 миллион доллар;

14. Жасмин Паолини (Италия) – 8 миллион доллар;

15. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 7,9 млн доллар;

18. Лейла Фернандес (Канада) — 6,5 миллион доллар.

Сурет: Instagram/cocogauff

Бұған дейін Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды