Түркияда оқу ұшағы апатқа ұшырады

Сурет: hurriyet
8 қаңтарда оқу ұшағы Бурса-Йенишехир әуежайындағы ұшу-қону жолағынан тыс жерге ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hurriyet ақпаратынша, апат салдарынан ұшақ алдыңғы жағымен жерге құлап, ұшқыш жеңіл жарақат алды.

Сурет: hurriyet

Ұшақ жеке ұшу мектебіне тиесілі болып шықты. Ал, оны жеке ұшқыш лицензиясы бар студент басқарған. Ол жаттығу тапсырмасын орындады. Мектептің айтуынша, қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Air Astana жолаушылар ұшағының техникалық ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонғандығы хабарланған болатын.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты