Air Astana жолаушылар ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонды

Air Astana, жолаушылар ұшағы, техникалық ақау, Ақтау, шұғыл қонды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 18:21 Сурет: Zakon.kz
8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Ақтау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana компаниясының мәліметінше,  Airbus A321 ұшағы Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшып шыққан, алайда орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы анықталғандықтан экипаж жоспардан тыс қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар мен экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.

Алматыдан қосалқы бөлшекті жеткізу қажеттілігіне байланысты рейс 9 қаңтарға ауыстырылды, жоспарланған ұшу уақыты — 09:20. Рейс жолаушыларына тамақтану және қонақ үйде тұру мүмкіндігі ұсынылатыны нақтыланады. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да  қабылданды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: